Қоғам
1 мин оқу 170
Жүргізушілерге жолда сақ болуға кеңес берілді
<p style="text-align: justify;">«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге жолда сақ болуға кеңес берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

- Бүгін Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарындағы кей жерлерде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін, ал Абай, Ақмола, Қостанай, Солтүстік және Шығыс Қазақтан облыстарында қар күтіледі. Сондықтан жүргізушілер жолда қауіпсіздік ережесін қатаң сақтап, ауа райының қолайсыздығын назарға алуы керек, - деп жазылған ұлттық компания таратқан хабарламада.
Қазақстандықтар 1403 нөміріне хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат ала алады.
Бөлісу:
