Аймақтар
1 мин оқу 110

Жетісуда мал ұрлығының 80 фактісі тіркелді

<p style="text-align: justify;">Оның ішінде полиция қызметкерлерімен 46 қылмыс ашылып, ұрлыққа қатысы бар 25 күдікті тұлғаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен баспасөз-мәслихатында облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мади Бағдат баяндады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Жетісуда мал ұрлығының 80 фактісі тіркелді

21 жәбірленушіге ұрланған малдары қайтарылып, күдіктімен татуласуына байланысты қылмыстық қудалау тоқтатылған. 12 қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ұрланған 259  малдың 153-і табылып, мал иелеріне қайтарылды.

Атап өтейік, бүгінде 2023-2024 жылдарға арналған мал ұрлығының алдын алу тиімділігін арттыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Спикер өз сөзінде малдың барлық түрлерін міндетті түрде чиптеу мәселесін де атап өтті. Чиппен белгілеу малды 100% есепке алуға, олардың жай-күйін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Одан бөлек, жылқыға арналған спутниктік GPS трекер бақылау жүйесін орнатып малдарын сақтап қалуға мүмкіндік беретіні жайлы халық арасында түсіндіру жұмыстары жиі жүргізіліп жатыр.

Бөлісу: