Басылым
1 мин оқу 62

Жұп-жұмыр жинақ

<p style="text-align: justify;">Журналист Серікқали Мұқашевтің &laquo;Жасынды жылдар&raquo; мақалалар жинағы қолға кеше тиді. Мемлекеттік тапсырыспен Алматыдағы &laquo;Тоғанай Т&raquo; баспасынан жарық көрген кітаптағы материалдар қызық пен шыжыққа толы өмірдің өзіндей ме деп бір күліп, ойланып та қалдық.</p>

Жұп-жұмыр жинақ

Әсіресе сын мен сы­қақ­қа, әзіл мен әжуаға толы «Қы­­­зығы мол сол жылдар» атты бірінші бөлімі оқы­масыңа қоймайтын сынды. «Бета­шар­дың бес сомы» деген тақы­рып­тың өзі менмұндалап тұрған жоқ па?

Екінші, үшінші бөлімдері – «Егемендіктің алғашқы лебі» һәм «Өмірдің өз бейнесі» аталыпты. Бұл жөнінен келгенде, кітап туралы жазған ав­торлардың пікірі назар аудар­тады. «Мына кітапқа жа­зылған мақалалардың бір бөлігі өткен ғасырдың со­нау тоқсаныншы жалдарының басында жазы­лып, қазір тарих төрінде қалған «Өр­кен» апталығында жария­ланғанымен, құндылығы әлі жоғалмағанына таңғаламыз. Сол сияқты, енді ғана «Егемен Қазақстан» атанған газетте көтерген тақырыптары ширек ғасырдан соң да жұрт­шылықты толғандырады екен. Мұны әсіресе, Бай­қоңыр ғарыш айлағына қа­тысты мақалаларынан бай­қадық. Байқоңырға барып, бұл күрделі кешенмен ег­жей-тегжейлі танысып, ішек қы­рындысын ақтаруға қабілеті жеткендер бірен-саран» депті қаламгер Қайнар Олжай.

Мақалалар жинағының төртінші һәм бесінші бөлім­дері «Игі іспен із сал­ғандар» және «Курстастар кел­беті» деп айдарланыпты. Құр­ғақ, қара мақалалар емес, кі­тап­тың көтерген жүгі ма­те­риалдардың тақырыбынан-ақ көрінеді. Оқырман олжасына айналар деген ойдамыз.

Бөлісу:
Жұп-жұмыр жинақ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар