Байқау
1 мин оқу 70

«Гүлдердің» жеңісі

<p style="text-align: justify;">Роза Бағланова атындағы &laquo;Қазақконцерт&raquo; мем&shy;лекеттік академиялық концерттік ұйымы &laquo;Гүл&shy;дер&raquo; ансамблінің өнерпаздары Грузияда өткен халық&shy;аралық хореографиялық фестиваль-байқауға қатысып, жүлделі орындарды иеленді.</p>

«Гүлдердің» жеңісі

Хореограф Джордж Баланчинге ар­налған бұл байқау Кутаисиде өтті. Оған Қа­зақ­стан, Латвия, Грузия, Эс­тония балет мектептерінің өкілдері қатысты.

Беделді өнер дода­сында «Гүлдер» ан­самблінің бір­қатар талант­ты әртісі бақ сынап, «Халық биі», «Қа­зіргі заманғы хореография» аталымдарына отандық хо­рео­граф­тердің қойған нө­мірлері ұсынылды.

Ансамбль мүшелері қазақ хореографиясының сұлулығы мен тереңдігін әлемдік сахнада таныта отырып, ел мәдениетін жо­ға­ры дәрежеде көрсете алды. Әртістердің кәсіби ше­бер­лігін қазылар алқасы жо­ғары бағалады. Атап айтсақ, Аққанат Смағұлова, Әнел Жұмаділдина, Рүс­тем Әмірбеков үш бірдей бірінші орынды жеңіп алды. Ал екінші орынды Алан Мұхтар иеленді.

Байқауға өнерпаздарды «Гүлдер» ансамблінің бас балетмейстері Анвара Са­дықова мен Алила Али­шева, Гүлнара Саитова, Алмат Шам­шиев, Әсел Абакаева, Әмина Самарбаева, Ай­дар Ахмадиев, Дана Қуанышбекова сынды тә­жірибелі педагог-хо­рео­граф­тер даярлап, же­тек­шілік етті. Қа­зақ хал­қы­ның ұлттық ерек­ше­лігін айшықтайтын сах­на­лық костюмдерді Әсел Лұқпанова мен Наталья Протасова дайындады.

Джорджо Баланчиннің есімі әлемдік балет өне­рінің тарихында алтын әріппен жазылғанын ескерсек, байқауда жоғары мара­паттарға ие болу — еліміз үшін үлкен мәртебе.

Бөлісу:
«Гүлдердің» жеңісі · Egemen Qazaqstan