Сұхбат
4 мин оқу 2,260

«Қоғам мүлкі өз мүлкіміздей қорғалуы керек»

<p style="text-align: justify;">Ел ішінде қоғамдық дүниені бүлдірмесе тыныш жүре &shy;алмай&shy;&shy;тын желөкпелер көбейіп барады. Құқық қорғау органдары алғашқы 6 айда бөтеннің мүлкіне зиян келтіргені үшін 5 мыңнан аса отандасымызды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Ал ескерткіш пен ғимарат қабырғаларына граффити салып, көзге түспей жүргендері қаншама? Осы орайда &laquo;Жастар рухы&raquo; жастар қанатының өкілі Нұрсәулет Сапарбаевамен ұйымның вандализмге қарсы республикалық науқаны турасында әңгімелестік.</p>

«Қоғам мүлкі өз мүлкіміздей қорғалуы керек»

– Қоғамдық орындардағы мүлікке зиян келтірушілерге қарсы күрес қалай жүргізіліп жатыр?

– Елімізде ескерткіштерді қирату, түрлі нысандарды бүлдіру, сындыру фактілері жиілеген. Көкшетаудағы Жұм­бақ­тас секілді көрікті жерлер­ге бара қалсаңыз, шимай-шатпақ жазулардан көз сүрінеді. Ақмо­ла облысы Ерейментау ауда­ны­ның Өлеңті ауылдық округі­нің аумағында орналасқан Көбейтұздың да жағдайы көп­тің есінде. Біреуі көлдің ортасына дейін көлікпен кірді, енді бірі тұзын қаптап алып кетті. Маңғыстау облысында да тарихи шатқалды бүлдірген бұзақылардың әрекеті қоғамда қызу талқыланды.

Қарапайым тұрғын үйлер­дегі жайттарды тізбек­теуге сан жетпес. Лифтілерді бүл­діріп, жол белгілері мен тақ­тай­шаларды сын­дырып, аялдамаларды қира­тып, қоқыс жәшіктерін төңке­ріп кете­тін­дердің әкімшілік жауап­кер­­ші­лік арқалап, есепке алын­ғаны былтыр 5 мыңнан асқан.

Қоршаған ортаны, табиғи ескерткіштерді, көпшілік де­ма­латын орындарды бүлдір­гі­лер­дің қиратуына жол беріп, қол қу­сы­рып қарап отыру біздің ұстанымға қайшы. «Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты мүшелері мұн­дай жүгенсіздікке қарсы үздіксіз кү­ресіп келеді. Үнемі еліміздің әр өңірінде түрлі акция ұйым­дастырып, вандализм белгі­­лерін өшіруге, тарихи орын­­­дарды таза сақтауға күш сала­мыз. Мәселен, «Таңбалы тас» петроглифтерін, «Ақбауыр» шатқалын, Ш.Құдайбердіұлы, С.Сейфуллин, Бөгенбай батыр, Кенесары хан ескерткіштерін, «Тектұрмас» кесенесін, «Ыбықты сай» шатқалын, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы қорғанды, «Шақпақ ата», «Сұлтан Үпі», «Қараман ата» жер­асты мешіттерін қоқыстар мен жазулардан тазарттық.

– Бұл жұмысқа ерікті­лерді тарту мәселесі қалай шешіледі?

– Қазіргі таңда 3 мыңнан аса ұйым белсенділері мен еріктілері 700-ден аса табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштерді тазартуға тұрақты қатысады. Респуб­ликалық түкпір-түкпі­рін­дегі науқандарға Мәжіліс, мәс­лихат депутаттары, жергі­лікті мемлекеттік орган қыз­мет­керлері де, қарапайым тұр­ғын­дар да атсалысып жатады.

– Вандализмді түбегейлі жою үшін не істеу қажет?

– Вандализм – жабайы­лық­тың шектен шыққан бір түрі. Сондықтан мұндай заңсыз әре­кеттер үшін жауапкершілікті күшейту маңызды. Бір жағынан қоғамдық орындарда тиімді мо­­ни­торинг пен қадағалаудың жоқтығы қитұрқы әрекеттердің көбеюіне де әкеледі. Бір деректерде елімізде вандализмнен жыл сайынғы шығын 500 млн тең­ге­ден асады деп көрсетілген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрыл­тай­­дың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында қоғамға қауіпті кеселдермен күресуге зиялы қауым, ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйым­дар, барлығы бір кісі­дей жұмы­луы керек деген бо­латын.

«Өкінішке қарай, қоғамдық мүліктен бастап, мыңжылдық мәдени мұраларға дейін – бәрін жаппай бүлдіру кейінгі кезде әдетке айналған. Бурабай­дағы Жұмбақтасты, Баянауыл­­дағы Кемпіртасты қараңыз­дар. Ең жауһар жерлеріміз­дің сұлулығы шимайдың астында қалып жатыр. Үйдегі лифтіні, ауладағы ойын алаңын, көшедегі аялдаманы қира­тудың қандай қисыны бар? Мұ­ның бәрі – барып тұрған тәртіпсіздік, мәдениетсіздік. Өркениетті елдің әрбір азаматы қоғам мүлкін өз мүлкіндей қорғауы керек. Дүние жүзінде, нақты айтқанда, Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Қытайда, Синга­пурда жағымды мысалдар көп, осы елдер көпке үлгі болып отыр. Ал біз неге олардан кем болуымыз керек?», деп шегелеп айтқан еді.

Осылайша, былтырдан бас­тап вандализм актілері, қо­ғам­дық және жеке мүлікті бүл­діргені үшін жаза күшейтіл­ді. Пре­зидент шілде айында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына, вандализм көрі­нісіне және бөтеннің мүлкін бүл­діруге қарсы іс-қимыл мәсе­ле­лері бойынша өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізу туралы» заң­ға қол қойды. Құжатта бө­тен­нің мүлкін қасақана жой­ға­ны немесе бүлдіргені үшін жауап­кер­шілік күшейтілді. Оны бір топ адам немесе бірнеше рет және қылмыстық топ болып жаса­ғаны үшін жауапкершілік енгі­зілді. Дәл осындай қыл­мыс­тық жауапкершілік тарихи, мә­дени ескерткіштерді, табиғи ке­шен­дерді немесе мемлекеттің қорғауына алынған нысандарды, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар заттарды, құжаттарды қаса­қана жойғаны, бүлдіргені үшін белгіленді.  Осы секілді қыл­мысты жасағанға енді қыл­мыс­тық жауапкершілікке 16 жастан емес, 14 жастан бас­тап тартылады. Енді вандализм­ге жол бер­гендер 200 АЕК көлемінде айып­пұл төлейді немесе 160 сағат қоғамдық жұмысқа тар­ты­ла­ды. Жазаның тағы бір түрі – 50 тәу­лікке қамауға алу. Оған қоса «әлеу­мет­тiк, ұлттық, нә­сiл­дiк немесе дiни араздық уәжі бойынша пай­да­күнемдiк ниет­пен бiрнеше рет жа­салған бұза­қы­лық» үшін 200 мың АЕК-ке дейін айыппұл қарас­­тырылған. Қоғамдық жұ­мысқа 300 сағат беріледі. Қатаң жаза ретінде 3 жылға дейін бас бос­­тан­дығынан айыру жазасы қол­­да­нылады.

Меніңше, бұл мәселеде әлеу­­меттік-моральдық құнды­лық­­­тарды есепке алу керек. Жас­­тар­ды, әсіресе балаларды ортақ мен­­шіктің маңызын, таби­ғат пен қала нысандарын баға­лау­ға, қамқорлық жасауға тәр­бие­леу керек. Тағы бір айта ке­­терлігі, жоғары бекітілген айып­­п­ұл көлемі көп жағдайда қай­та қалпына келтіру шы­ғын­да­рын өтей алмайды. Билік бүлдіргілерді бір-екі мысалын ел ал­­дында жазалап, жетеге же­те­­тіндей, бұл әрекетке енді бар­май­­тындай амалдарды жаса­ға­ны дұрыс.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен –

Зейін ЕРҒАЛИ,

«Egemen Qazaqstan» 

Бөлісу:
«Қоғам мүлкі өз мүлкіміздей қорғалуы керек» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар