СҰХБАТ
СҰХБАТ бөліміндегі ең маңызды оқиғалар, сараптамалар мен соңғы жаңалықтардың толық тізімі.
997 МАТЕРИАЛ ТАБЫЛДЫ
Нұржан Нұржігітов: Судың әр тамшысы – стратегиялық ресурс
Сұхбат9 шілде 2026
Нұржан Нұржігітов: Судың әр тамшысы – стратегиялық ресурс
Бүгінде жаһанның әр жерінде геосаяси тұрақсыздық берекені алса, құрғақшылық та жыл өткен сайын адамзатты қыспаққа алып барады. Сол себепті климаттың өзгеруі мен су тапшылығы күшейген қазіргі кезеңде су ресурстарын тиімді басқару – біздің мемлекетте басым міндеттің біріне айналды. Осы бағытта жаңа Су кодексі қабылданып, гидротехникалық инфрақұрылым жаңғыртылып, цифрлық технологиялар енгізіліп, сала мамандарының әлеуметтік мәртебесін арттыруға ерекше назар аударылып келеді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовпен болған сұхбатта су саласындағы реформалар нәтижесі, жүзеге асып жатқан жобалар мен алдағы жоспарлар жайында сөз қозғалды.
Автор: Редакция
Джефф ГЕРШ: Репертуарымда 20-дан аса күй бар
Сұхбат4 шілде 2026
Джефф ГЕРШ: Репертуарымда 20-дан аса күй бар
Қазақтың қара домбырасы – шекара талғамайтын, ұлт пен ұлысты ұйыстыратын қасиетті аспап. Оның қос ішегінен төгілген қоңыр үн бүгінде мұхиттың арғы жағындағы алып мегаполис Нью-Йорк көшелерінде де асқақтай бастады. Америкалық кәсіби музыкант Джефф Герш кездейсоқ бейнебаяннан қазақ күйін естіп, домбыра үйренуге бел байлайды. Ол бүгінде АҚШ-тың беделді Фулбрайт (Fulbright) грантын жеңіп алып, қазақтың күйшілік мектептерін зерттеуді, домбыра өнерін ағылшынтілді әлемге танытуды мақсат етіп отыр.
Автор: Редакция
Бейімбет Таңарықов: Өнердегі бойтұмарым – Біржан сал
Сұхбат27 маусым 2026
Бейімбет Таңарықов: Өнердегі бойтұмарым – Біржан сал
Көрермен қауым «Астана Опера» театрының солисі, белгілі тенор Бейімбет Таңарықовты ұлттық опера кейіпкерлерін қазақы болмысқа сай табиғи нақышпен сомдайтын өнерпаз ретінде жақсы таниды. Өнер иесінің орындауындағы Біржан, Шеге, Әзім сынды бейнелер ұлттық опера өнерінің биік үлгілеріне айналып келеді. Әншінің үні әлемнің талай беделді сахналарында шырқалып, шетелдік музыка сыншыларының жоғары бағасына ие болды. Өнердегі ізденісі мен шығармашылық жолы, ұлттық операға деген көзқарасы мен бүгінгі мақсаты жайында белгілі тенормен сұхбаттасқан едік.
Автор: Редакция
Өмірзақ Озғанбай: Озат ұлт болу үшін кітап оқу маңызды
Сұхбат25 маусым 2026
Өмірзақ Озғанбай: Озат ұлт болу үшін кітап оқу маңызды
Бүгінгі біздің сұхбаттасымыздың, ғылымға бет бұрып, тағдыр жолын таңдауына да кіндік қаны тамған өлкенің киесі мен тарихи жады өз ықпалын тигізіпті. Белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Өмірзақ ОЗҒАНБАЙМЕН болған әңгімемізде оның ғылымдағы ізденіс жолы, қазақ тарихы мен бүгінгі қоғамның өзекті мәселелері төңірегінде кеңінен сөз қозғадық.
Автор: Редакция
Ерсұлтан Бектұрғанов: Мемлекеттік қызмет үздіксіз ізденісті талап етеді
Сұхбат23 маусым 2026
Ерсұлтан Бектұрғанов: Мемлекеттік қызмет үздіксіз ізденісті талап етеді
Автор: Редакция
Қазақстанды әлемге танытқан кадрлар: тревел-блогер Дастан Мұхамедрахыммен сұхбат
Сұхбат20 маусым 2026
Қазақстанды әлемге танытқан кадрлар: тревел-блогер Дастан Мұхамедрахыммен сұхбат
Қазақстанның кең байтақ даласы, асқар таулары, айдын көлдері мен таңғажайып шатқалдары – әлемнің кез келген саяхатшысын таңдандыруға лайық табиғи мұра. Алайда осынау көркем мекендерді халықаралық аудиторияға кеңінен таныту үшін оларды жаңа қырынан көрсетіп, заманауи форматта насихаттау маңызды. Бүгінде бұл міндетті жүзеге асырудың ең ықпалды құралдарының біріне әлеуметтік желілер айналды. Ерекше ракурстан түсірілген бір ғана бейнеролик миллиондаған көрерменнің назарын аударып, Қазақстанға деген қызығушылығын оята алады. Осындай контент арқылы еліміздің көрікті жерлерін шетелдік аудиторияға танытып жүрген авторлардың бірі – тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым.
Автор: Редакция
Әділ Ахмет: Жас ұрпақтың болашағына алаңдаймын
Сұхбат19 маусым 2026
Әділ Ахмет: Жас ұрпақтың болашағына алаңдаймын
Қазір кез келген танымал адамды тұлға дейміз. Шындығында,  нағыз тұлғалар санаулы. Сондай тұлғаның бірі – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, белгілі ғалым, білікті дипломат Әділ Ахмет. Біздің айтулы ғалыммен әңгімеміз өнегелі өмір жолы жайында өрбіді.
Автор: Редакция
Талғат Есенәлиев: Технология театрдың мүмкіндігін кеңейтеді
Сұхбат18 маусым 2026
Талғат Есенәлиев: Технология театрдың мүмкіндігін кеңейтеді
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры тарихында алғаш рет спектакльдерді онлайн көрсетуді жүйелі түрде жүзеге асыратын жаңа жобаны бастады. Театрдың шығармашылық қызметін цифрлық кеңістікпен ұштастырған бастаманың ерекшелігі мен алдағы даму бағыты жөнінде театр директоры Талғат ЕСЕНӘЛИЕВТЕН сұраған едік.
Автор: Редакция
Төлен Әбдік, жазушы: Оқырманның көбі астарлы ойға мән бермейді
Сұхбат17 маусым 2026
Төлен Әбдік, жазушы: Оқырманның көбі астарлы ойға мән бермейді
Қаламгер мен оқырман арасындағы зияткерлік күрес ешқашан саябырсыған емес. Сондықтан да қарапайым адамның ойлау қарым-қабілетін дамытатын туындыларға зәрулік уақыт өткен сайын арта түспесе, кемімейтіні анық. Бұл орайда қазақ әдебиетінің қоржынына «Парасат майданы» сынды классикалық шығармалар жазған қаламгер Төлен Әбдіктің айтары қашанда мәнін жоғалтпайды.
Автор: Редакция
Ербол Жолданғар: Өзгеріс тиімділігімен бағаланады
Сұхбат17 маусым 2026
Ербол Жолданғар: Өзгеріс тиімділігімен бағаланады
Автор: Редакция