Үкімет
1 мин оқу 71

Мектептегі тәрбиені нығайту қадамы

<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік кеңесші мектептердегі тәрбие жұмыстарының жаңа бағдарламасы жөнінде жиын өткізді.</p>

Мектептегі тәрбиені нығайту қадамы

Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығы­мен мектептердегі тәрбие жұ­мысы жөнінде кеңес өтті. Оған мемлекеттік органдардың өкілдері мен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын әзірлеген жұмыс тобының мүшелері қатысты.

Аталған құжат Мемле­кет басшысының Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес дайындалды. Бұл бағдарлама білім беру ұйымдарына биылғы 1 қыр­күйектен енгізіле бастады.

Мемлекеттік кеңесші тәрбие жұмыстарын ұйым­дастыру мектеп пен ата-аналардан күш жұмылдыруды талап ететін күрделі үдеріс екенін атап өтті. Бағдар­лама отаншылдық, жауап­кер­шілік, еңбекқорлық, ынты­мақтастық, жасампаздық пен жаңашылдық секілді іргелі құндылықтарды кеңінен дәріп­теп, өскелең ұрпақтың бойына сіңіруді көздейді.

Жиын соңында Ерлан Қарин барлық білім беру мекемесінде тәрбие жұмысының жаңа бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға әрі оны одан әрі ілгерілетуге қатысты нақты тапсырмалар берді.

Бөлісу:
Мектептегі тәрбиені нығайту қадамы · Egemen Qazaqstan