Оқиға
1 мин оқу 150
Астанада 380 адамға салық төлемдері заңсыз есептелген
<p style="text-align: justify;">Елорда прокуратурасы тұрақты негізде ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға назар аударды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тексеріс нәтижесінде 380 адамға 10 млн теңгеге жуық салық төлемдерін заңсыз есептеу анықталған.
Сонымен қатар «Қолжетімділіктің интерактивті картасы» порталын мониторингілеумен 1683 әлеуметтік нысанның 800-і ғана қолжетімділікпен қамтамасыз етілгені анықталған.
«Қадағалау актісі бойынша 6 объектіде мүмкіндігі шектеулі 11 531 адамға қолжетімділік қамтамасыз етілді. Азаматтардың құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасып жатыр», делінген хабарламада.
Бөлісу:
