Оқиға
1 мин оқу 90

Талғар қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Талғар қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Бауыржан Байбатыров тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Талғар қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Бауыржан Байбатыров 1987 жылы 29 қазан күні дүниеге келген. Білімі — жоғары. Орталық Азия Университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2014 жылы Бөлек ауылдық округінің әкімдігінде жетекші маман болып бастаған. 2018-2020 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы бойынша кірістер басқармасының бас маманы болды.

2023 жылдан бері Талғар ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

Бөлісу:
Талғар қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды · Egemen Qazaqstan