Президент
1 мин оқу 122
Президент Монако князін құттықтады
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Князь II Альберді Монаконың Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қазақстан Президенті Монаконың орнықты даму, қоршаған ортаны қорғау және барша адамзат үшін қауіпсіз келешекті қамтамасыз ету ісінде үлкен күш-жігер жұмсап келе жатқанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Монако арасындағы достыққа негізделген ынтымақтастық алдағы уақытта да қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Князь II Альберге және Монако халқына бақ-береке тіледі.
Бөлісу:
