Қоғам
1 мин оқу 60

Баспагерлер мәслихаты

<p style="text-align: justify;">Орталық Азияда алғаш рет &laquo;Алматыдағы Франкфурт кітап жәрмеңкесі: баспа ісіндегі заманауи үрдістер және авторлық құқық менеджменті&raquo; атты семинар өтті. Іс-шара халықаралық баспа нарығындағы жаңа&shy;шылдықтар мен түйткілді мәселелерді талқылады.</p>

Баспагерлер мәслихаты

Айта кетейік, семинар Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Франкфурт кітап жәрмеңке­сінің, Қазақстан Баспагерлер, полиграфистер және кітаптаратушылар қа­уымдастығының, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, «Nomad Culture Foundation» қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара баспагерлерге осы саладағы заманауи технологияларды меңгеруге, халықаралық байланыстарды нығайтуға және әлемдік сарапшылармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама аясында авторлық құ­қық пен лицензия сатып алу-сатудағы халықаралық тәжірибе, сондай-ақ «Frankfurt Connect» және «Frankfurt Rights» платформаларының жұмысын талқылау сияқты өзекті мәсе­лелер ортаға салынды. Бұл платформалар іскерлік қарым-қатынас пен кітап құқын бас­қаруға арналған.

Алқалы жиында спикерлер – Никол Уитт, Герман Экель, Беттина Бак және Владка Купска баяндама жасады. Ар­найы қонақ ретінде Франкфурт кітап жәрмеңкесінің президенті Юрген Боос қатысты.

Семинарға жиырма отандық бас­па мен полиграфия саласының 40-тан астам маманы мен оқытушысы қатысты. 19 қарашаға дейін жалғасқан іс-шарада «Баспа қызметінде жасанды интеллектіні қолдану: халықаралық тәжірибе» тақырыбы да қамтылды. 

Бөлісу:
Баспагерлер мәслихаты · Egemen Qazaqstan