Оқиға
1 мин оқу 90
Алматыдағы базарлардың бірінен өрт шықты
<p style="text-align: justify;">Алматы қаласының Жетісу ауданындағы базарлардың бірінде екі деңгейлі төрт пластиктен жасалған бутиктер отқа оранды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өрт орнына жедел жеткен құтқарушылар өртті сөндіруге бес оқпан берді. Автоцистерналарды жақын орналасқан өрт гидранттарына орнатып, судың үзіліссіз берілуін ұйымдастырды.
«Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт шақырту түскен сәттен бастап 34 минутта 150 шаршы метр алаңда сөндірілді», делінген ТЖМ хабарламасында.
Бөлісу:
