Оқиға
1 мин оқу 112

Астанада «Жасыл Аймақ» жұмысшылары жалақы ала алмай жүрген

<p style="text-align: justify;">Талдау барысында Астана қаласы Есіл ауданының прокуратурасы &laquo;Жасыл Аймақ&raquo; ШЖҚ РМК 600-ден астам жұмысшыларының жалақысын төлемеуі салдарынан олардың құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астанада «Жасыл Аймақ» жұмысшылары жалақы ала алмай жүрген

Бас прокуртураның мәліметінше, осы жылдың қыркүйек айындағы қарыз 144 млн теңгеден астам соманы құраған.
 
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде жұмыскерлер алдындағы берешек толық көлемде өтелген.

«Жол берілген бұзушылық үшін лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Астанада «Жасыл Аймақ» жұмысшылары жалақы ала алмай жүрген · Egemen Qazaqstan