Оқиға
1 мин оқу 120

Павлодарда өртенген ғимараттан адам мәйіті табылды

<p style="text-align: justify;">Қайғылы оқиға бүгін, 20 қарашада Бекмаханов көшесінде болған, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Павлодарда өртенген ғимараттан адам мәйіті табылды

«Шақыртуға дереу шыққан өрт сөндірушілер жеке тұрған ғимараттың жанып жатқандығын анықтады. Өртті жою барысында екі газ баллон шығарылды», деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

15 шаршы метрді қамтыған өрт жедел сөндірілген, сол жерден ер адамның мәйіті табылған.

Тілсіз жаумен күреске департаменттен 15 қызметкер, 5 техника жұмылдырылған.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:
Павлодарда өртенген ғимараттан адам мәйіті табылды · Egemen Qazaqstan