Оқиға
1 мин оқу 81

Қарағандыда жол апатынан бір адам көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Теміртау маңындағы тас жолда екінші күн қатарынан жол апаты оқиғалары тіркеліп жатыр. Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қарағандыда жол апатынан бір адам көз жұмды

Оқиға 20 қараша күні кешке «Алматы-Екатеринбург» тас жолында, Теміртаудан алыс емес жерде болған. Shacman және екі Volvo жүк көлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі жүргізуші зардап шеккені хабарланды.

Алайда Қарағанды​облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі көз жұмған адам бар екенін мәлімдеген.

Бүгін, 21 қарашада шамамен сағат 11:15-те тас жолдың дәл сол бөлігінде тағы бір жол апаты болған.

«Жол көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл факт полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады», деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Бөлісу:
Қарағандыда жол апатынан бір адам көз жұмды · Egemen Qazaqstan