Шымкент
1 мин оқу 270

Шымкенттегі пәтерлердің бірінен қарияның мәйіті табылды

<p style="text-align: justify;">Шымкенттегі пәтерлердің бірінен 78 жастағы қарияның мәйіті табылды. Қайғылы оқиға 15 қараша күні Спорт шағынауданындағы 5-қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шымкенттегі пәтерлердің бірінен қарияның мәйіті табылды

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зейнеткер иіссіз газға уланып көз жұмған. Бүгінде полиция аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғады.

Шымкент қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексiнің 306-бабы бойынша іс қозғалды. Тиісті сараптама тағайындалды.

Оқиға орнында тағы 3 адам болған. Олар сол сәтте ауруханаға жеткізілген. Науқастардың бірі тіпті жансақтау бөліміне жатқызылған.

«Қабылдау бөліміне 3 науқас жеткізілді. Апа және 2 немересі. Апаның жағдайы ауыр болған соң реанимацияға жатқызылған. Келесі күні токсикология бөлімшесіне ауыстырылған. Бүгін немересі мен екеуін үйіне шығардық. Жағдайлары жақсы», дейді дәрігер-токсиколог Асылбек Мыңбосынов.

Бөлісу:
Шымкенттегі пәтерлердің бірінен қарияның мәйіті табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар