Қоғам
1 мин оқу 285

Елімізде ішімдікке тәуелді 100-ден астам бала есепте тұр

<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазан айының басындағы жағдай бойынша Қазақстанда 90 981 адам ішімдікке тәуелді ретінде есепте тұрса, оның 100-ден астамы - балалар, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елімізде ішімдікке тәуелді 100-ден астам бала есепте тұр

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда алкогольге тәуелді адамдардың саны 89 918-ден 1,2%-ға өсті. Алайда, пандемия жылдарында (2019-2023 жылдар аралығында) тіркелген жағдайлар санының 9,1%-ға төмендеуі байқалған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстанда ішімдікке тәуелді 90 981 адам есепте тұр. Оның 109-ы - кәмелетке толмағандар.

Қазақстанда алкогольге тәуелді ретінде есепте тұрған балалардың 64-і - ұл, 45-і - қыз бала.

Еске салайық, Қазақстанда наркологиялық диспансерде есепке қою психоактивті заттарға байланысты ресми диагноз болған кезде 16 жастан бастап жүзеге асырылады.

Бөлісу:
Елімізде ішімдікке тәуелді 100-ден астам бала есепте тұр · Egemen Qazaqstan