Аймақтар
1 мин оқу 95

Демократияның даму көрінісі

<p style="text-align: justify;">Семей қаласында мәсли&shy;хаттар&shy;дың құрылғанына 30 жыл толуына арнал&shy;ған облыстық фо&shy;рум өт&shy;кізілді. Іс-шараға 450-ден аса қатысушы жи&shy;нал&shy;&shy;&shy;ды. Олар&shy;дың қата&shy;рын&shy;да Пар&shy;ламент Сена&shy;ты&shy;ның депутат&shy;тары Қай&shy;рат Тастекеев пен Ай&shy;нұр Арғынбекова, &laquo;Қа&shy;зақ&shy;&shy;стан мәслихаттары депу&shy;&shy;таттарының бірлестігі&raquo; төрағасы Төлеубек Мұқашев, сондай-ақ ардагерлер мен барлық деңгейдегі депутаттар бар.</p>

Демократияның даму көрінісі

Форумда демократия мен жер­гілікті өзін-өзі басқару жүйесін ны­­­ғай­тудағы мәслихаттардың рө­лі атал­ды. Халықпен қарым-қаты­­­нас­ты нығайтуда, ел ішінде қорда­ланған мәселелерді жергілікті билік­ке жеткізуде депутаттардың атқара­тын қызметі де шет қалған жоқ. Облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың құрылуы – еліміздің демократиялық дамуындағы маңызды белестерінің бірі екені даусыз. Ха­лық пен билік арасындағы «алтын көпір» болған бұл мемлекеттік инс­­титут елдік мүдде жолында өзі­нің тиімділігін көрсетіп келе жатыр.

«Абай елі қайта түлеп, еңсе көтер­генде де, біздің депутаттық корпус өзінің саяси белсенділігі мен жауап­кершілігін көрсете білді. Орайы келгенде, өңірдің әлеумет­тік-экономикалық дамуына зор үле­сін қосқан барша депутаттарға шынайы ризашылығым мен алғысымды білдіргім келеді», деді жиында сөз алған өңір басшысы Нұрлан Ұран-
хаев.

Форум барысында қоғамдық жұ­мыс­тарға белсене араласып, қара­пайым халықтың алғысына бөленген депутаттар Парламент Сенаты мен Мәжілісінің, министр­ліктердің, сондай-ақ облыс әкімінің және облыс мәслихаты төрағасының Құрмет грамоталары мен Алғысхаттары табыс­талды. Еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан депутаттарға арнайы марапат – «Құрметті депутат» атағы берілді.

Семей 

Бөлісу:
Демократияның даму көрінісі · Egemen Qazaqstan