Қоғам
1 мин оқу 120

Шымкентте жыл басынан бері 7517 сәби дүниеге келген

<p style="text-align: justify;">Шымкентте 34 жастағы келіншек оныншы сәбиін дүниеге әкелді. Айы-күні жеткен нәресте Шымкент қалалық перинаталды орталықта дүние есігін ашты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шымкентте жыл басынан бері 7517 сәби дүниеге келген

1990 жылы туған Әзиза Қалиева ұлын кесарь тілігі арқылы босанды. 27 қараша күні өмірге келген нәрестенің салмағы – 4900 грамм.

Дәрігерлердің айтуынша, қазір сәби мен оның анасының жағдайы жақсы.

Шымкент перинаталды орталығында жыл басынан бері 7 517 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 707 нәресте және 96 егіз мерзімінен бұрын туған.

Бөлісу:
Шымкентте жыл басынан бері 7517 сәби дүниеге келген · Egemen Qazaqstan