Бокс
1 мин оқу 110
Ұлжан Сәрсенбек Украина боксшысын жеңді
<p style="text-align: justify;">Бүгін Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатының үшінші күніндегі кездесулер өтіп жатыр, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

57 келіде шаршы алаңға шыққан Ұлжан Сәрсенбек алғашқы айналымда украиналық боксшыны қапы қалдырды.
Отандасымыз Карина Вовкттан 5:0 есебімен басым түсті.
Енді ол 5 желтоқсан күні өтетін 1/4 финалда Вьетнам спортшысына қарсы сынға түседі.
Айта кетейік, бүгін жергілікті боксшымен жұдырықтасуы тиіс болған Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты Азия чемпионатындағы жекпе-жектерден бас тартты.
Бөлісу:
