Таным
2 мин оқу 73

Ғалам ғажаптары: Ауруды анықтайтын сақина

<p style="text-align: justify;">&laquo;Oura&raquo; ақылды сақиналарына &laquo;Symptom Radar&raquo; деп аталатын жаңа функция қосылды. Ол жүрек соғу жиілігін, температураны, тыныс алу көрсеткіштерін бақылайды. Ағзадағы өзгерістерді анықтап, тыныс алу ауруларының алғашқы белгілері туралы алдын ала хабар береді.</p>

Ғалам ғажаптары: Ауруды анықтайтын сақина

Ғалымдардың айтуынша, симптомдар пайда болмай тұрып, 1-2 күн бұрын ағзада өзгеріс басталады. Алгоритм осы ауытқуларды байқап, пайдаланушыға демалып, ертерек емделуге немесе дәрігерге қаралуға мүмкіндік береді. Бұл функция қазір «Oura Labs» бағдарламасының бета-нұсқасында тексеріліп жатыр.

Бақылаушы робот-ит

ар

«VisionLabs» пен «Жаңа өнімдер зертханасы» интеллектуалды видео сарапшысы бар робот-ит жасап шығарды. Технология құрылыс алаңдарындағы қауіпсіздікті арттырып, жазатайым оқиғалар санын азайтады.

Робот «VisionLabs LUNA» жүйесі арқылы қауіпсіздік ережелері бұзылғанын анықтай алады. Сондай-ақ құрылыс алаңындағы адамдардың каска мен кеу­деше киген-кимегенін тексереді. Бөгде адамдар бар-жоғын бақылайды. Робот-ит лидар, спутниктік позициялау жүйесі, су мен шаңнан қорғау құралдарымен жабдықталған. Ол бағдар бойынша өзді­гінен немесе оператордың басқаруымен қозғалады. Барлық сынақтан сәтті өткен робот-итті қоймаларда, өнеркәсіп орындарында, медициналық кластерлерде пайдалануға болады.

Альцгеймерді емдейтін дәрі

апр

«Filamon Limited» компаниясы жаңа «ALPHA-003» препаратын шығарды.

Бұл дәрі қабынуға қарсы әсер көрсетіп, ми жасушаларының құрылымдарын сақтай отырып, жазылуы қиын ауру­лар­­дың асқынуын тоқтата алады. Пре­парат микротүтікшелерді қорғауға бағыт­талған әрі мидың гематоэнцефалдық тосқауы­лынан өтіп, қабынуды басады. Ғалымдар клиникалық зерттеулерді 2026 жылы бастамақ. Ғалымдар бұған дейін альцгеймер ауруы есте сақтау қабілетінің нашарлауына әкелетінін анықтаған. 

Бөлісу:
Ғалам ғажаптары: Ауруды анықтайтын сақина · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар