Президент
1 мин оқу 190
Президент Шавкат Рахмоновты UFC-дегі кезекті жеңісімен құттықтады
<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ирландиялық Иан Гэрриден басым түскен Шавкат Рахмоновты UFC-дегі кезекті жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Мемлекет басшысы қазақстандық атлеттің кәсіби спортта жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірді.
Айта кетейік, Қазақстан спортшысы Шавкат Рахмонов (18-0) Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) UFC 310 турнирінде ирландиялық файтер Иан Гэрримен жекпе-жекке шығып, төрешілердің бірауыздан шешімімен қарсыласынан басым түсті.
Осылайша отандасымыз кәсіби мансабында он тоғызыншы жеңіске жетіп отыр.
Ал Иан Гэрри алғаш рет жеңіліске ұшырады.
Бөлісу:
