Үкімет
2 мин оқу 70

Шаруаларға демеу болған консорциум

<p style="text-align: justify;">Тамара Дүйсенова &laquo;Ауыл аманаты&raquo; бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен &laquo;Қарашығанақ Оперейтинг Б.В.&raquo; арасында жасалған меморандум бойынша жұмыстардың орындалу барысын талқылады. Келісімге биылғы шілдеде қол қойылған. Ол бойынша консорциум жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімдерін сатып алуға міндеттенді.</p>

Шаруаларға демеу болған консорциум

Облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов азық-түлік жеткізудегі жергілікті қамту үлесін арттыру үшін кооперация құрудың 5 негізгі бағыты анықталғанын айтты. Мәселен, «Батыс сүт» АШӨК Бәйтерек, Теректі, Бөрлі, Шың­ғырлау және Тасқала аудан­дарындағы 12 ауыл шаруа­шылығы кооперативінен сүт жинаумен айналысады.

«Орал құс фабрикасы» ЖШС «Ауыл аманаты» қатысу­шыларынан жұмыртқа алып, оларды компанияға жеткізеді. Ол өз құс фермасының өнім­дерін де сатады. Қуаты жылына 900 мың жұмыртқа болатын құс фермасы бар негізгі жоба ретінде Бәйтерек ауданынан «Аманат-22» кооперативі де жұмыс істейді.

«Батыс Нық» ЖШС облыс­тың оңтүстік аудандарында (Ақжайық, Жаңақала, Жәні­бек, Қазталов және Бөкей ордасы) бағдарламаға қатысу­шы­лардан ірі қара малды жинап, оны арнайы алаңдарда бордақылауға, ет өңдеу цехында қайта өңдеуге және «Қара­шығанақ Оперейтинг Б.В.» өнім­дерін жеткізуге ниетті. «Рубежинский» АШӨК бағдар­ла­маға қатысушылардан көкөніс­тер жинайды. «Шалқар құс» АШӨК өз өнімдерін өндіру­мен және өңдеумен айналысады, оны компанияға жеткізеді.

«Қарашығанақ Оперейтинг Б.В.» компаниясының мердігер­лік ұйымдарында 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олар­ды тамақтандыруды ұйым­­­дас­тыру үшін 10 млн тең­ге­ге 2 тонна май, 34 млн тең­ге­ге 679,3 мың жұмыртқа және 264 млн теңгеге 131,8 тонна ет сатылған. Алдағы уақыт­та негізгі кәсіпорындар компания­ның сұраныстарына сәйкес өнімге қажеттілікті толығымен қанағаттандыруды жоспарлап отыр.

Вице-премьер Батыс Қазақстан облысында жергі­лікті қамту үлесін арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, өзге өңірлерге де ірі компаниялармен байланыс орнату бағытында тәжірибе алмасуға тапсырма берді.

Бөлісу:
Шаруаларға демеу болған консорциум · Egemen Qazaqstan