Жазушының жаңа жинақтары
<p style="text-align: justify;">Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары әде­биетке келіп, ұлт руханиятына қызмет ет­кен қаламгерлер шоғыры қалың. Сол ір­гелі буын­ның өкілі, бүгінген дейін қолынан қа­ла­мы түспеген көрнекті жазушының бірі – Кәдірбек Сегізбайұлы.</p>

«Атамұра» баспа корпорациясынан жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Кәдірбек Сегізбайұлының екі томдық «Біз немесе есіктен төрге дейін» атты ғұмырнамалық естелік-эсселер жинағы мен «Қарттарым, қайран қарттарым» атты кітабы жарық көрді. «Желкілдеп өскен құрақтай», «Жеткіншек дейтін елденбіз», «От жейделі жастық шақ», «Ендігі бағыт – егделер елі» атты төрт саладан тұратын естелік-эсселерден құралған алғашқы қос кітапқа жазушының балалық шағынан бастап, қаламгерлер ортасындағы кезеңдеріне дейінгі өмір жолының ең есте қалар қызықты тұстары енген. Төрт тарауда автордың өзі қоян-қолтық араласқан балалық, жастық, студенттік және қаламгерлер ортасындағы достарымен өткізген әртүрлі оқиғалары бейнеленген.
Ал «Қарттарым, қайран қарттарым» кітабында жазушы Шығыстағы Жарсу ауылында өткен ғасырдың 50-60 жылдарында өмір сүрген қарттардың, құрдастардың, біріне-бірі ұқсамайтын мінез-құлықтарын айта отырып, қызықты оқиғаларды оқырман назарына ұсынады.