Заң
1 мин оқу 130

Қазақстанда полиция күшейтілген режимге ауыстырылды

<p style="text-align: justify;">14 желтоқсаннан бастап ішкі істер органдарының жеке құрамы толық қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті. Бұл туралы <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;хабарлайды.</p>

Қазақстанда полиция күшейтілген режимге ауыстырылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын күшейтті.

«Мерекелік іс-шаралар өтетін жерлерде, сондай-ақ азаматтар көп жиналатын орындарда және мемлекеттік қорғауға жататын нысандарда полиция нарядтары көбейтілді. Жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау камераларының көмегімен бақылау күшейтілді», делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігі іс-шаралардың өткізілуі кезінде қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

Бөлісу:
Қазақстанда полиция күшейтілген режимге ауыстырылды · Egemen Qazaqstan