Әлем
1 мин оқу 70

Мәдениет орталығы ашылды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның Пәкістандағы елшілігі белгілі өнер қайраткері, Пәкіс&shy;танның ұлттық мұра және мәдениет жөнін&shy;дегі бұ&shy;рынғы министрі Джамаль Шах ұйымдас&shy;тырған &laquo;Жібек жолы&raquo; мәдениет орта&shy;лығының сал&shy;танат&shy;ты ашылу рәсіміне қатысты.</p>

Мәдениет орталығы ашылды

Аталған іс-шара Әзербайжан, Иран, Қы­тай, Ресей, Түрікменстан, Өз­бек­стан ел­ші­­­ліктерімен бірлесіп ұйымдас­тырылды.

Алқалы жиын барысында Қазақстан елшісі Ержан Қыстафин құттықтау сөз сөйлеп, өңір елдері арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда мәдени ынтымақтастықтың ерекше маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар ол Қазақстан мен Пәкістан арасындағы мәдени байланыстарды дамытып, нығайту жөніндегі жоспарларға тоқталды.

Елші өз сөзінде «Жібек жолы» мәдениет орта­лығының ашылуы өңір мемлекеттері арасындағы мәдени және дипломатиялық қатынастарды күшейтудің маңызды қадамы болғанын атап өтіп, еліміздің бұл бастаманы толығымен қолдайтынын мәлімдеді.

Іс-шара барысында ұйымдастырылған көрмеде келушілер Қазақстан халқының бай мәдени мұрасы, әсем табиғаты, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары бейнеленген картиналар, кітаптар және фотосуреттермен танысты.

Бөлісу:
Мәдениет орталығы ашылды · Egemen Qazaqstan