Алматы
1 мин оқу 121
Алматыда атыс болды: полиция ақпаратты растады
<p style="text-align: justify;">Алматыда 28 панфиловшы-гвардияшылар атындағы саябақта атыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратқа сәйкес, атыс 22 желтоқсан таңғы сағат 4:34 шамасында 28 панфиловшы-гвардияшылар атындағы саябақ маңында болған.
Алматы қалалық Полиция департаменті ақпаратты растады.
– Медеу аудандық полиция басқармасы бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр, – деп хабарлады ведомстводан.
Бөлісу:
