Әлем
1 мин оқу 61

Александр Лукашенко президенттікке кандидатурасын ұсынды

<p style="text-align: justify;">Беларусь Орталық сайлау комиссиясы қазіргі президент Александр Лукашенконы алдағы президент сайлауына үміткер ретінде тіркеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Александр Лукашенко президенттікке кандидатурасын ұсынды

Сондай-ақ президенттікке үміткерлер тізімінде: «Коммунист Беларусь» газетінің бас редакторы Сергей Сыранков, «БелНИИПГрадостроительство» директоры Александр Хижняк, депутат Олег Гайдукевич және кәсіпкер Анна Канопацкая бар.

Бұрын қабылданған сайлау жоспарына сәйкес, сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 2025 жылдың 1 қаңтары мен 25 қаңтары аралығында өтеді. 21 қаңтар мен 25 қаңтарды қоса алғанда, елде президент сайлауына мерзімінен бұрын дауыс беру өтеді. Айта кетейік, негізгі дауыс беру күні - 26 қаңтар.

Бөлісу:
Александр Лукашенко президенттікке кандидатурасын ұсынды · Egemen Qazaqstan