Саясат
1 мин оқу 92

Маңызды келісімге қол қойылды

<p style="text-align: justify;">Астанада &laquo;KAZENERGY&raquo; қауымдастығының алаңында екі маңызды құжатқа: &laquo;KAZENERGY&raquo; қауымдастығы мен &laquo;Қазақстандық мұнайшы-геологтер қоғамы&raquo; ҚБ арасындағы әріптестік туралы келісімге және Қоғам мен &laquo;KAZENERGY&raquo; еншілес компаниясы &laquo;Энергия&raquo; талдау орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.</p>

Маңызды келісімге қол қойылды

«KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры Жандос Нұрмағанбетов Қазақстандық мұнайшы-геолог­тер қоғамымен көпжылдық ынты­мақ­тас­тық форум, конференция және бірлескен жоба сияқты бағыттарды қамтитынын атап өтті.

Бұл өзара іс-қимылдың маңыз­ды кезеңдерінің бірі 2010 жылы Қазақ­стан­ның мұнай-газ және геологиялық салаларын да­мытуға ба­ғыт­талған әріп­тестік туралы шарт­қа қол қою бол­ды. Жаңа ке­лі­сім жаңа перспективалар ашатын және өзара әрекеттесу мүм­кін­діктерін кеңейтетін заманауи үрдістерді, инновацияларды және ғылыми әзірлемелерді ескереді.

Қазақстандық мұнайшы-геологтер қо­ға­мының президенті Балтабек Қуандықов әріптестік қатынастарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Қа­­шаған кен орнының ашылуына орайластырылған бірлескен ғылыми-практикалық конференция ынтымақтастықтың маңызды кезеңі бол­мақ. Бұл іс-шара 2025 жылға жос­пар­­ланған және мұнай және гео­логия саласының мамандары арасында тәжірибе, ұсыныстар мен үздік тәжіри­­­бе­лермен алмасуды қам­тамасыз етуге, сондай-ақ сектор­дың одан әрі дамуына ықпал етуге арналған.

Айта кету керек, Балтабек Қуандықов көп жылдық еңбектің нәти­­жесі болып саналатын «Қазақстан мұнай және газ кен орындарының алғаш ашушылары» атты кітапты сый­ға тартты.

Қол қойылған құжаттар тарап­тар­дың серіктестікті нығайтуға, инно­вация­ларды дамытуға және Қазақ­станның мұнай-газ және геоло­гия­лық салаларында құзырет­тілік деңгейін арттыруға деген ұмтылысын көрсетеді. Келісімдер мұнай-газ саласын орнықты дамыту, ақпараттық-талдамалық зерттеулер жүргізу, ста­­­тис­тикалық және талдамалық ма­­те­риалдар дайындау сияқты сала­лардағы ынтымақтастықты кеңейтуге ба­ғыт­талған. Сонымен қатар олар ұлт­­тық және халықаралық кәсіби аре­нада тараптардың оң имиджін қалыптастыруға ықпал ететін болады. 

Бөлісу:
Маңызды келісімге қол қойылды · Egemen Qazaqstan