Аймақтар
1 мин оқу 70

Үздіктер үкіленді

<p style="text-align: justify;">Жылдағы дәстүрге сәйкес сан салада жемісті еңбек етіп жүрген дарынды жастар облыс әкімінің сыйақысына ие болды. &laquo;Әулиеата үздігі&raquo; байқауында бақ сынаған талантты жастарды марапаттау рәсіміне өңір басшысы Ербол Қарашөкеев арнайы қатысты.</p>

Үздіктер үкіленді

«Талантты жас қай кезде де қо­ғам­ның қозғаушы күшіне айналатыны белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз саласында үздік са­налған жастарды қолдап келеді. Ұшқыр ойлы жастарды қанаттандыру, оларға қолдау көрсету жұмысы Әулиеата өңі­рінде де тоқтаған емес. Бі­лімімен дараланып, ізде­нісімен көзге түскен жас­тарды қолдауға қай кезде де да­йынбыз. Олардың бір бө­лігі бүгін «Әулиеата үздігі» ата­нып отыр», деді өңір басшысы бай­қау лауреаттарын марапаттау рәсі­мінде.

«Әулиеата үздігі» бай­қауы­­­ның қо­рытындысына сәй­кес «Жылдың үздік жас ақыны» аталымы бойынша ақын Арайлы Жақсылық үздік деп танылса, «Жылдың үздік жас журналисі» аталымында «Еуразия» телеарнасының өңірдегі меншікті тілшісі Ұлдана Жұбай жеңістің би­ік тұғырынан көрінді. Ал «Жыл­дың үздік жас спортшы­сы» аталымында Бексұлтан Боранбай жеңімпаз атанса, «Өнер саласының үздік ма­­маны» аталымы бойынша Ке­нен Әзірбаев атындағы об­лыстық филармонияның өнер­­пазы Дидар Басықараев топ жарды. Бұдан өзге де бір­неше аталым бойынша жеңім­паздар қомақты қаржылай сыйлыққа ие болды.

Салтанатты іс-шара барысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының ие­герлері де анық­талды. Нақтырақ айтсақ, ғы­лым ба­ғыты бойынша Дәу­лет Жа­манқұл, Шынар Тоқта­мыс, мә­дениет саласы бойын­ша Аяна Ким, Ақарыс Сай­лау, медиа саласы бойынша Мерей Бает пен Ерқасым Әбдірахман үздік шық­ты. Грант иегерлерінің барлығына 1 млн теңгенің сертификаты табысталды.

 

Тараз

Бөлісу:
Үздіктер үкіленді · Egemen Qazaqstan