Қуаныш – С.Бердіқұлов сыйлығының лауреаты

<p style="text-align: justify;">Астанада Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Спорт саласындағы жыл үздіктері марапатталды. Салтанатты жиынға Парламент депутаттары, Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері, әлем біріншіліктері мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары, спорт журналистері қатысты.</p>

Қуаныш – С.Бердіқұлов сыйлығының лауреаты

Жиында Туризм және спорт министрі Ербол Мыр­­забосынов 2024 жыл отан­дық спорт үшін ерек­ше жыл болғанын жеткізді. Қазақ спорт­шы­лары биыл халық­ара­лық ірі додаларда табысты нәти­же көр­сетсе, елімізде ірі жа­рыс­тар ұйымдастырылды. Оның бірі V Дү­ниежүзілік көшпелілер ойы­ны. Дүбірлі додаға әлем­нің 89 елінен спортшылар қа­тыс­ты. Қазақстан құрамасы жал­пы­командалық есепте топ жарды.

Сонымен жыл қорытындысы бойынша «Үздік» деп таныл­ғандар: Елдос Сме­тов, Давид Дег­тярев – «Жылдың үздік спорт­­шысы»; Ғалымжан Жыл­­гелдиев, Юрий Ко­лес­­ников – «Жылдың үздік жаттық­ты­рушысы»; Ақ­марал Науатбек – «Спортта үздік сер­­пін» сый­лығымен марапатталса, ал әріп­тесіміз Қуаныш Нұр­данбек­ұлы «Жылдың үз­дік спорт жур­налисі» ре­тінде Сейдахмет Берді­құлов атындағы сыйлық­тың лауреаты атанды. Со­нымен қатар осы аталымда Жан­дос Айтбайұлы («Хабар» телеарнасы), Назерке Сұлтанбек («Sport+» сайты) марапатталды.

Бөлісу:
Қуаныш – С.Бердіқұлов сыйлығының лауреаты · Egemen Qazaqstan