Тұлға
1 мин оқу 210

Белгілі суретші Қайырбай Зәкіров өмірден өтті

<p style="text-align: justify;">Қайырбай Зәкіров &ndash; Қазақстанның танымал суретшісі, график, ҚазКСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Белгілі суретші Қайырбай Зәкіров өмірден өтті

Ол 1945 жылдың 25 ақпанында Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген.

Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. Оның «Құс жолы», «Көкжиек», «Айтматовты оқығанда» т.б. сияқты туындылары бар.

Суретшінің еңбектері Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, сондай-ақ Ресей, Еуропа, Жапония, Йемен, Франция, АҚШ және Қазақстандағы жеке коллекциялар мен галереяларда сақталған.

Қайырбай Зәкіров ҚР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1988), Қазақстан Көркемөнер академиясының академигі (2006), Қызылордадағы «Болашақ» университетінің құрметті профессоры (2008) атақтарына ие болған. Сондай-ақ ол ҚР Президентінің стипендиаты (1996), Қызылорда облысы әкімінің стипендиаты (2008) және республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Алтын адам» номинациясының «Самғау» медалімен марапатталған.

Бөлісу:
Белгілі суретші Қайырбай Зәкіров өмірден өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар