Тұлға
1 мин оқу 60

Әлем әдебиетінің Қожасы

<p style="text-align: justify;">Биыл қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Бер&shy;дібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде ата&shy;лып өтті. Осылайша, әдебиетімізге &laquo;Өлгендер қай&shy;тып келмейді&raquo;, &laquo;Менің атым Қожа&raquo;, &laquo;Бала&shy;лық шаққа саяхат&raquo;, &laquo;Он алты жасар чемпион&raquo;, &laquo;Қай&shy;дасың Гауһар&raquo;, &laquo;Ергежейлі еліне саяхат&raquo; сынды өлмес туындылар сыйлаған қа&shy;лам&shy;гердің тойы әлем назарына ілікті.</p>

Әлем әдебиетінің Қожасы

Жазушының 100 жылдық мерей­тойының ашылу сал­танаты 6 қаңтарда Алматы облысының орталығы Қонаев қала­сында өтті. 28 сәуір мен 1 ма­мыр аралығында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйы­мының ұйыт­қы болуымен Анкара қала­сында қаламгер шығар­машы­лығына қатысты конферен­ция ұйымдастырылып, оның жеке заттары көшпелі көрмеге қойылды. 28 мамыр күні ТҮРКСОЙ халық­аралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевтың қатысуымен түрік тілінде жарық көрген «Өлгендер қайтып келмейді» романының тұсауы кесілді.

20-21 қыркүйекте жазушының туған өлкесі Нарынқол ауылында Бердібек Соқпақбаевтың еңселі ескерткішінің ашылу салтанаты, әдеби жиын, республикалық ақындар айтысы, гала-концерт және Сарыжаз жазығында дүбірлі той, бәйге, тағы басқа іс-шаралар өткізілді.

ЮНЕСКО деңгейінде той­ланған мерейтой аясында Бер­дібек Соқпақбаевтың 4 том­дық жинағы, Самал Соқпақ­баеваның «Менің атым Қожа» шығармасының орыс тіліндегі аудармасы, Жанболат Аупбаевтың «Өтірігі жоқ өмір» атты Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптары жарық көрді.

Сондай-ақ классик жазу­шының мерейтойы Әзербайжан Республикасының астанасы Баку қаласында да тойланып, әзербайжан тілінде жарияланған «Менің атым Қожа» хикаятының тұсауы кесілді.

Қазақ әдебиеті классигінің 100 жылдық мерейтойы Франция астанасы Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб пәтерінде қорытындыланып, «Менің атым Қожа» хикаяты француз тілінде жарық көрді.

Сондай-ақ биыл біз «Жыл кейіпкері» деп таныған қаламгер­дің құрметіне 2 мектеп, 2 саябақ, 1 кітапхана, Қонаев қаласының 1 көшесіне жазушының есімі берілгенін сүйіншілегіміз келеді.

Бөлісу:
Әлем әдебиетінің Қожасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар