Басылым
1 мин оқу 50

Қоржындағы қомақты үлес

<p style="text-align: justify;">Әр жыл ұлт руханиятына түрлі табыс әкеледі. Жыл сайын кітапхана сөресі жаңа кітаптармен толығатыны да сөзсіз. Биыл да қоржынға қосылған жаңа жинақ көп болды. Соның ішінде &laquo;Абай&raquo; баспасынан жарық көрген 155 кітапты ерекше атап өтеміз.</p>

Қоржындағы қомақты үлес

Оның ішінде қазақ әдебиетінің клас­сик ақын-жазушыла­ры­­ның шығармаларынан жа­сақталған бірегей туындылармен қатар балалар мен жас­өспірімдерге арналған тың шығармалар да бар. Көркем әдебиеттен бөлек, баспаның қоржыны биыл құнды діни-рухани бағыттағы, тарих саласы бойынша қызықты кітаптар мен ауыз әдебиетінің жауһарларымен де толықты. Атап айтсақ, «Ұлы тарих және ұлы әулиелер», «Ұлы дала ақиқаты», «Тараз – өр­ке­ниеттер өрімдерінің куәгері», «Қарахан баба мен Айша бибі», Алтыбармақ бабамыздың «Мұ­хаммедтің пайғамбарлық дә­лелдері», «Тұрмыс-салт жырлары», «Батырлық жыр-дастандар», «Лиро-эпостық жырлар», «Тұр­мыс-салт ертегілері», «Аңыз-әң­гімелер», «Қиял-ғажайып ертегілер», «Ауыз әдебиетінің шағын түрлері», «Хайуанаттар туралы ертегілер», тағы басқалар.

«Абай» баспасынан жа­рық көрген көркем әдебиет кітап­тарының көшін Дулат Ба­ба­тай­ұлы, хакім Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы бас­тап, Мұхтар Әуезов, Алашорда қайраткерлерінің шығармалары мен кейінгі классик қаламгерлер жалғастырады. Сонымен қатар аталған баспа оқырман сөресін еліміздің көрнекті жазушылары мен жас авторлардың шы­ғармаларымен толықтырып отыр.

Жаңа кітаптар әлемдік сұ­ранысқа сай, заманауи үлгіде, бояуы бай, бірегей дизайнда жа­сақталып, өзіне тән тартым­дылығымен ерекшеленеді.

«Абай» баспасы барлық кітапты өз қаржысына шы­ғарып, сатып, авторларға қо­мақты қаламақы төлейтін жағ­дайға да жетті. Биылдың өзінде 50-ден астам автор мен қай­тыс болған авторлардың мұра­герлері «Абай» баспасынан түрлі сомадағы қа­ламақы алған. Ал алдағы жылы кітап ассор­тиментін көбейтіп, қоғамды кітап оқуға шақыратын бірқатар қызықты жоба ұсынбақ.

Бөлісу:
Қоржындағы қомақты үлес · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар