Жаңалықтар
1 мин оқу 380

Ақтауда Медицина күні атап өтілді

33366АҚТАУ. 4 ақпан. Ақтауда жасотандықтар Медицина күнін өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ақтау қаласында ашылған «Кеңес орталығы» медицина мамандарының қатысуымен Медицина күнін ұйымдастырды. Шарада Ақтау қаласындағы орталық «Мағаш» базарындағы тұрғындар мен сатушыларға тегін медициналық кеңестер берілді. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандарының қатысуымен өткен шара бес сағатқа созылып, қаралушылар көп болды. Сатушылар мен базарлаушылар қан қысымын өлшетіп, сырқаттарына байланысты қайда жүгіну керектігін біліп, дәрі-дәрмек туралы мағлұматтар алды. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек, сурет: egemen.kz. IMG_9963  
Бөлісу:
Ақтауда Медицина күні атап өтілді · Egemen Qazaqstan