Оқиға
1 мин оқу 100

Жылдың алғашқы күндерінде 200-ге жуық адам қар құрсауында қалған

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы Магомед Ахриев мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жылдың алғашқы күндерінде 200-ге жуық адам қар құрсауында қалған

«2025 жылдың алғашқы бес күнінде 199 адамды есепке алып, эвакуацияладық, оның 27-сі бала. Сондай-ақ қар құрсауынан 22 техника, оның ішінде бір автобус шығарылды», деді Магомед Ахриев.

Оның айтуынша, 2024-2025 жылдардағы қысқы кезеңде төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында министрдің бұйрығымен 37 мыңнан астам жеке құрам мен 13 мыңнан астам техника топтамасы бекітілген.

Сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар үшін арнайы міндеттер айқындалған.

«Республикалық деңгейде басқару орталығының базасында осы төтенше жағдайларға байланысты іс-қимылдарды үйлестіретін республикалық жедел штаб жұмыс істейді. Мұндай штабтар облыстық деңгейде де бар. Сондай-ақ республика аумағында бір жарым мыңнан астам эвакуациялау және жылыту пункті құрылды», деді М.Ахриев.

Төтенше жағдайлар министрлігі ел азаматтарына басқа елді мекендерге сапарларын ауа райы жағдайын ескере отырып жоспарлауды, сондай-ақ төтенше жағдайлар туралы ескертулерге назар аударуды ескертеді.

Бөлісу:
Жылдың алғашқы күндерінде 200-ге жуық адам қар құрсауында қалған · Egemen Qazaqstan