Жарнама
 
Оқиға
1 мин оқу 110

Ақмола облысында 95 көлік соқтығысқан: апаттың себебі айтылды

<p style="text-align: justify;">Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы Магомед Ахриев Ақмола облысындағы тас жолда 95 көлік зақымданған ірі апатқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақмола облысында 95 көлік соқтығысқан: апаттың себебі айтылды

«Бұл оқиға туралы айтсақ, біздің мәліметіміз бойынша апатқа көлік тізбегіне ілескендердің жылдамдық режимін сақтамауы себеп болғанын ғана айта аламын. Біздің жол-көлік оқиғасының себебін анықтайтын өкілетіміз жоқ. Ішкі істер органдары тергеу жүргізіп, апат себептерін анықтап жатыр», деді ТЖМ өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, 3 қаңтарда Ақмола облысындағы Астана-Щучье тас жолында 95 көлік ірі жол апатына ұшыраған. Оқиға салдарынан 20 адам зардап шеккен.

Бөлісу:
Ақмола облысында 95 көлік соқтығысқан: апаттың себебі айтылды · Egemen Qazaqstan