Қоғам
1 мин оқу 100

Жаңа жыл түнінде жаппай төбелескен студенттер елден шығарылады

<p style="text-align: justify;">Сенат депутаты Марат Қожаев Алматыдағы дәмханалардың бірінде жаңа жыл түні болған жаппай төбелеске қатысты пікір білдірді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жаңа жыл түнінде жаппай төбелескен студенттер елден шығарылады

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған еді. Онда шетелдік студенттердің таяқ, орындықтармен бір-бірін соққылап жатқанын көруге болады. 

Жаңа жыл түні төбелескен студенттер 5 жылдық шектеумен елден шығарылады. Сенатор бұл шешім заң шеңберінде қабылданғанын айтты. 

«Елімізде жүрген кез келген шетел азаматы біздің заңымызды, тәртібімізді, әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді құрметтеп, сайып келгенде, өзін қалай ұстау әдебін білуі керек. Бұл - әлемдік тәжірибе. Басқа елде жүргенде заңды сақтап, оған бағыну керек. Қоғамдық тәртіпті бұзған шетелдіктер депортацияланады. Сонымен қатар олардың Қазақстанда оқитыны туралы құжаттар да күшін жояды», деді Марат Қожаев.

Бөлісу:
Жаңа жыл түнінде жаппай төбелескен студенттер елден шығарылады · Egemen Qazaqstan