Әлем
1 мин оқу 50

19 адам көз жұмған: Чад астанасында президент сарайына шабуыл жасалды

<p style="text-align: justify;">Жергілікті биліктің мәліметінше, атыс кезінде қаза тапқандардың арасында 18 шабуылшы мен қауіпсіздік қызметінің бір қызметкері бар, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ВВС-ге сілтеме жасап.</p>

19 адам көз жұмған: Чад астанасында президент сарайына шабуыл жасалды

Алдын ала болжам бойынша, шабуылды «Боко Харам» жиһадтық тобының содырлары жасаған, олар бұған дейін үкімет нысандарына да шабуылдаған. Биліктің хабарлауынша, шабуылға барлығы 24 адам қатысқан.

«Шабуыл жасаушылардың 18-і қаза тауып, алтауы жараланды. Бізде бір адам қаза тауып, үшеуі жараланды», делінген хабарламада.

Агенттік тілшілерінің хабарлауынша, Президент резиденциясына апаратын жолдар жабылып, көшелерде танктер пайда болған.

Айта кетейік, шабуыл кезінде сарайда Чад президенті Махамат Деби болған. 

Бөлісу:
19 адам көз жұмған: Чад астанасында президент сарайына шабуыл жасалды · Egemen Qazaqstan