Елорда
1 мин оқу 70

Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

<p style="text-align: justify;">11-12 қаңтар күндері Астанада кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңкеде Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының жергілікті фермерлері мен өндірушілерінің өнімдері тікелей ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидекті, ет, ұн, сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды тиімді бағада сатып ала алады.

Жәрмеңке Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайы бойынша «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында ұйымдастырылады.

Айта кетейік, қалалық жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін өтеді.

Бөлісу:
Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді · Egemen Qazaqstan