Оқиға
1 мин оқу 80

Енді жылжымайтын мүлікті онлайн сатып алуға болады

<p style="text-align: justify;">Ел азаматтары Астана мен Алматыда жылжымайтын мүлікпен байланысты операцияларды онлайн жүргізе алады. Әділет министрлігі нотариустардың сатып алу-сату мәмілелерін онлайн тіркеу туралы бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Енді  жылжымайтын мүлікті онлайн сатып алуға  болады

Жобаға сәйкес, азаматтар жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша нотариустарға бармай-ақ, банктің Астана және Алматы қалаларында орналасқан жылжымайтын мүлікке арналған платформасы арқылы онлайн нотариалдық мәмілені ресімдеу мүмкіндігіне ие болады.

Негізгі шарттар:

  • Мәміле 18 бен 63 жас аралығындағы Қазақстан азаматтарына қолжетімді;
  • Барлық меншік иелерінің, соның ішінде некеде тұрған жағдайда ерлі-зайыптылардың қатысуы міндетті;
  • Мәмілелер 70 млн теңгеге дейінгі қайталама тұрғын үй нарығына қатысты;
  • Сатушы 2015 жылдан бастап электронды форматта меншік құқығын растауы керек;
  • Алаяқтықтың алдын алу үшін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры арқылы мүліктің жай-күйін тексеру жүргізіледі.

Жоба Ашық НҚА порталында орналастырылған және 2025 жылдың 23 қаңтарына дейін қоғамдық талқылау үшін қолжетімді.

Бөлісу:
Енді жылжымайтын мүлікті онлайн сатып алуға болады · Egemen Qazaqstan