Демалыс күндері елімізде аяз болып, боран соғады
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 11-13 қаңтар аралығындағы Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Болжам бойынша, еліміздің солтүстік-шығысында және шығысында бұрқасынмен қатар қар жауады, республиканың қалған бөлігінде ауа райы жоғары қысымды алқаппен анықталады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 13 қаңтарда солтүстік циклонның тағы бір науқаны батыс облыстарға қарай жылжиды, олардан ылғалды қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын, көктайғақ болады деп болжанады.
Ел аумағында жел күшейіп, тұман күтіледі.
Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы түнде 8-18 градус аязға дейін төмендейді, шығыста термометр 10-27 градус аязға дейін төмендейді, республиканың қалған бөлігінде температураның күрт өзгеруі күтілмейді.
