Оқиға
1 мин оқу 63
Ақтауда алаңқайда баланы көлік қағып кеткен
<p style="text-align: justify;">Оқиға балаларға арналған ойын алаңында болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Inaktau.kz ақпаратынша 29-шы шағын ауданда №22 үйдің жанында Hyundai Accent маркалы көлік Mercedes көлігімен соқтығысып, инерциямен балалар алаңына кіріп кеткен. Сол мезетте алаңда болып, зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілген.
«Mercedes көлігінің жүргізушісіне қатысты ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Көлік айып тұрағына қойылды. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды», деп мәлімдеді қалалық полиция департаменті.
Бөлісу:
