Оқиға
1 мин оқу 60

Павлодарда пансионат қызметкерлері зейнеткерлерді азаптаған

<p style="text-align: justify;">Павлодар қаласының прокуратурасы Полиция департаментімен бірлесіп, мүгедектігі бар зейнеткерлерді жүйелі түрде ұрып-соққан жеке пансионат қызметкерлерін анықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p> <p>&nbsp;</p>

Павлодарда пансионат қызметкерлері зейнеткерлерді азаптаған

«Пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның конституциялық құқықтарын өрескел бұзған (тамақтануды, қозғалысты шектеді, ұрып-соқты) және ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың пәтерлерін жалға беріп келген», делінген хабарламада.

Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталған.

Айта кетейік, оларды тергеп-тексеру ішкі істер органдарына тапсырылды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Бөлісу:
Павлодарда пансионат қызметкерлері зейнеткерлерді азаптаған · Egemen Qazaqstan