Оқиға
1 мин оқу 90

Алматы мен Ақтөбе, Жамбыл облыстарында діни радикалдар ұсталды

<p style="text-align: justify;">2025 жылғы қаңтарда ҰҚК полициямен бірлесе және прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында діни радикалдар әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Алматы мен Ақтөбе, Жамбыл облыстарында діни радикалдар ұсталды

Терроризмді, оның ішінде телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы насихаттады деген күдікпен 3 адам қамауға алынған.

«Екі фигурант бұрын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені, қарақшылық жасағаны, есірткі заттарын заңсыз алғаны және сақтағаны үшін сотталған. Тағы біреуі бұрын шетелдік содырлар лагерлерінде дайындықтан өтіп, Қазақстанға тапсырмамен оралған, сонда ұсталып, сотталған. Ұзақ мерзімді жазасын өтеп бостандыққа шыққаннан кейін де радикалды идеологиядан бас тартпаған», делінген хабарламада.

Тергеу әрекеттері барысында олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша діни әдебиет және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. 

Бөлісу:
Алматы мен Ақтөбе, Жамбыл облыстарында діни радикалдар ұсталды · Egemen Qazaqstan