Есірткі
1 мин оқу 60

Түркістанда көлік жүргізушісінен марихуана тәркіленді

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысында көлік жүргізушісінен марихуана тәркіленді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Түркістанда көлік жүргізушісінен марихуана тәркіленді

Полицейлер Арыс ауданы аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізіп, есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Нақтырақ айтсақ, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Mitsubishi автокөлігін тоқтатты. Жедел уәкілдер тексеру кезінде жүргізушіден есірткі заты бар 3 орама тапты. 

Одан әрі полицейлер күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде тағы 1 қағаз орамасын тәркіледі. Алынған заттың жалпы салмағы 160 грамнан астам марихуана болып шықты. 

Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.


Бөлісу:
Түркістанда көлік жүргізушісінен марихуана тәркіленді · Egemen Qazaqstan