Қоғам
1 мин оқу 140

«Ұлттық кітап» республикалық байқауы басталды

<p style="text-align: justify;">Бұл байқау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен &laquo;Ұлттық кітап күні&raquo; мерекесіне орай өткізіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«Ұлттық кітап» республикалық байқауы басталды

Байқаудың негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік авторларды анықтап, қазақ әдебиетінің, руханиятының дамуына ықпал ету. Аудармашыларды, баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау және ынталандыру.

Байқау келесі 10 номинация бойынша өтеді:

  • Балаларға арналған үздік кітап;
  • Үздік комикс;
  • Нон фикшн жанрындағы үздік кітап;
  • Детектив жанрындағы үздік кітап;
  • Сатира жанрындағы үздік кітап;
  • Үздік илюстрациялық кітап;
  • Үздік аударма кітабы;
  • Фантастика жанрындағы үздік кітап;
  • Үздік баспа;
  • «Жыл кітабы» Гран-при сыйлығы.

«Конкурсқа кейінгі екі жылда жарық көрген туындылар қабылданады. Қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен жұмыстар тіркелмейді. Байқауға жұмыстар 2025 жылғы 15 қаңтар – 1 сәуір аралығында қабылданады», делінген хабарламада.

Байқауға өтінім беру туралы толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7 775 897 7788, +7 727 397 61 15.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа мереке – «Ұлттық кітап күні» алғаш рет 23 сәуірде атап өтіледі.

Бөлісу:
«Ұлттық кітап» республикалық байқауы басталды · Egemen Qazaqstan