Былтыр елімізде 250 науқасқа трансплантация жасалған
<p style="text-align: justify;">2024 жылы Қазақстанда барлығы 250 ағза мүшесі трансплантацияланған. Оның ішінде 227 ағза мүшесі тірі донорлардан, ал 23-і марқұмдардан алынған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған ақпаратқа қарағанда, 2012 жылдан бері трансплантация бағдарламасы аясында Қазақстанда 2800 операция жүргізілген. Олардың ішінде:
- 2353 операция (84%) — тірі донордан;
- 447 операция (16%) — қайтыс болғаннан кейінгі донордан.
Қандай ағза мүшелері жиі трансплантацияланған?
- Бүйрек - 2078 операция;
- Бауыр - 541 операция;
- Жүрек - 98 операция;
- Өкпе - 22 операция;
- Ұйқы безі - 2 операция;
- Мөлдір қабық - 59 операция.
Қазіргі уақытта Қазақстанда трансплантацияны күту парағында 4113 адам (95 бала) бар, оның 3672-сі бүйректі қажет етеді, 184 адам донорлық бауырды және 138 адам жүректі күтіп жүр.
Ағза мүшелерін трансплантациялау тек медициналық ем-шара ғана емес, бұл - науқас адамдар үшін жаңа өмірге мүмкіндік.
