Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату туралы келісімге келді
<p style="text-align: justify;">Израиль мен ХАМАС 2023 жылдың қазан айынан бері жалғасып келе жатқан соғысты тоқтатуға уағдаласты. Бұл туралы Қатар премьер-министрі Мұхаммед бен Абдул Рахман әл Тани мәлімдеді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ал әлеуметтік желілерде Газа тұрғындарының қуанышты эмоциялары таспаланған видеолар тарап жүр.
Израиль мен ХАМАС атысты тоқтатып, кепілге алынғандарды босату туралы келісімге келген.
Reuters агенттігінің мәліметінше, екі тарап атысты 6 аптаға тоқтатып, Израиль әскерлерін кезең-кезеңімен шығару шартын мақұлдаған. Мұхаммед бен Абдул Рахман әл Танидің айтуынша, 42 күндік бірінші кезеңде (алты апта) Израиль Газа секторының елді мекендерінен әскерін әкетеді. Сондай-ақ Газаның барлық аймағына гуманитарлық көмек көрсету көлемі ұлғаяды.
Associated Press агенттігі ресми мәлімдеме таяу арада жасалатынын хабарласа, АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Truth әлеуметтік желісіндегі парақшасында «келісімге қол жеткізілгенін» жазған.
