Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған медаль шығарылады
<p style="text-align: justify;">Биыл 1941-1945 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғысындағы жеңіске 80 жыл толады. Осы мерейтойлық датаға орай ардагерлерге арнайы медаль табысталады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мерейтойлық медаль майдангерлерге, соғыста жараланған, контузия алған немесе мүгедектігі бар ардагерлерге, блокададан аман қалғандарға, партизандар мен концлагерь тұтқындарына беріледі.
Қорғаныс министрлігі жалпы тізімді бекіту құзіреті облыстық әкімдікке тапсырылатынын мәлімдеді.
«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» төсбелгісінде рейхстагқа ту тіккен батыр бейнеленеді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында биыл осы мерекеге орай Астанада әскери шеру ұйымдастыру жоспарланғанын айтқан еді.
